Поделиться в соц. сетях

«Жастар» театрында театр мамандары, режиссерлер, «Алқа» әдеби клубы мүшелері, жас қаламгерлер бас қосып, «Әдебиет пен театр тоғысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

Жобаның мақсаты – театр мен әдебиет арасындағы шығармашылық байланысты күшейту, сахнаға бейімделген дарамалық шығармаларға жол ашу.

Дөңгелек үстелде қазіргі драматургияның бағыты, театр мен әдебиеттің байланысы сөз болды. 

Қаламгерлер тарапынан тұшымды ойлар, салмақты ұсыныстар айтылды. 

Сондай-ақ жиын барысында жаңа шығармаларға «Жаңа толқын – жаңа драма» атты ашық байқау жарияланды. Байқау шарты бойынша қатысушы үміткерлер шағын пьеса, сахнаға лайық поэтикалық цикл, монодрама, қысқа проза, сахналық новелла ұсына алады. 

Театрдың көркемдік кеңесінің сүзгісінен іріктеліп шыққан шығармалар сахнаға жол тартады.

Жоба соңында жиналған туындылар кітап боп 
басылып шығады.

 

2025-07-25