Нұрбек Нұрлыбекұлы ӘЛІБЕК

1994 жылы 23 қаңтарда Алматы облысы Панфилов ауданына қарасты Надек ауылында дүниеге келді.

2006 – 2011 ж.ж. Талдықорған қалалық дарынды балаларға арналған Өнер мектебін «Дәстүрлі ән – терме» сыныбы бойынша тәмамдады.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының  «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.

2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;
2015ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

2015 жылдан бастап Астана қаласы  Жастар театрының актері.

Алматы облыстық Б.Римова атындағы драма театрындағы рөлі:

«Жамбыл» спектаклі – бозбала Жамбыл.

 

Театрдағы рольдері:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Шеге (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ –  Фридолин Вейбер (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Ресей елшісі  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ – Тортай (Тілептің досы)  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Саламат – «Жаңа жылды кім ертіп келеді?» /ертегі/ Әтеш (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Құлмамбетов  «Жасауыл» /парабола/әфсана/ – Ер адам (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Дж.Родари  «Чиполлино» /ертегі/ Қызанақ (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова);

 

Кинодағы рольдері:

2013-2014 ж.ж.  «Сырғалым» телехикаясы – даяршы;

2014 ж. «17+» фильмі –  Арман;

2014 ж.  «Қыздар» телехикаясы – Әділ;

 

Жетістіктері:

  • 2007 ж. Халықаралық К.Әзірбаев атындағы жыршы-термешілер байқауы – ІІІ орын;
  • 2008 ж. Республикалық М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» ән байқауы – І орын;
  • 2009 ж. Халықаралық Балалар даму академиясы байқауы – І орын;
  • Халықаралық үздік оқушылар слеті – ІІІ орын (Көкшетау қаласы);
  • 2017 ж. Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажагуловтың атынан арнайы «Алғыс хат»;
Толығырақ