Айсұлтан Дәуренбекұлы ЖӘЛИЕВ

1994 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында дүниеге келген.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының  «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.
2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты
2015ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
2015 жылдан бастап Астана қаласы  Жастар театрының актері.

 

Театрдағы рөлдері:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Базарбай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ – Ересь (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/ – Дәулет (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

С.Астраханцев  «Достық пен Қулық» /ертегі/ –  Аю (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/  – Еділ (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Қытай елшісі  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

О.Бөкей «Ұйқым келмейді…»  /музыкалық моноспектакль/ – Кахон (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ж.Құлмамбетов  «Жасауыл» /парабола/әфсана/ – Жасөспірім /кіші ханзада/ (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Дж.Родари  «Чиполлино» /ертегі/ Мастино (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова);

Толығырақ