Әбутәліп Мейрамханұлы ӘМІРЕ

1993 жылы 24 тамызда ОҚО Арыс қаласында дүниеге келген.

2000-2009 ж.ж, № 32 Ә.Жангелдин атындағы  орта мектепті тәмамдаған.

2009-2012 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжін «Музыкалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының  «Эстрада әртісі(мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.

2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;

2015ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, коюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

2015 жылдан бастап Астана қаласы  Жастар театрының актері.

Колледж сахнасында сомдаған рольдері:

С.Досанов «Жан Ұран» –  Резидент;

Ү.Ғаджыбеков «Аршын мал Алан»- Велли;

Д.Исабеков «Құстар фестивалі»  – Бас қарға.

Театрдағы рольдері:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Бекежан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Астраханцев «Достық пен Қулық» /ертегі/ – Апачи (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ –  Князь (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Бекболат  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ – Тотан (ауыл баласы)  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Саламат – «Жаңа жылды кім ертіп келеді?» /ертегі/ Қасқыр (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

 

Кинодағы рольдері:

«Зұлмат» фильмі – Ілияс (режиссері – С.Әбдіхалықов);

Сондай-ақ, «Президент сайлауы», «Кегок»  және т.б жарнамалық роликтерге түскен;

Толығырақ