Әділ Ералыұлы АХМЕТОВ

Театр және кино актері,  Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік және Халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі.

30 қыркүйек 1984 ж. Алматы қаласында дүниеге келді.

2002-2006 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығын профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2006-2007 ж.ж. Тазабеков театрында актер.

2006-2007 ж.ж. «Қымызхана» бағдарламасында – Талап.

2007 жылдан бастап Жастар театрының актері.

 

Театрдағы рольдері:

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/  – Дуанбасы Антон Антонович (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/  – Шыңғысхан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/  – Петручио (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/  – Смағұл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/  – Адам Император (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов «Жан азабы» /әфсана/ – Әмірші (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

П.Мериме, Бизе-Щедрин «Кармен» /музыкалы-пластикалық трагедия/ – Пірәдар (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» /лирикалық драма/  – Таңат (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» /мюзикл/   – Қодар, Айбас, Сарыбай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» /мюзикл/ –  Бернардо (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/  – Айбол (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Н.Оразалин «Аққұс туралы аңыз» /ертегі/  – Қарақұс (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Т.Ахметжан «Сұлу мен суретші» /ноктюрн/  – Суретші (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Абылай хан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

Кинодағы рольдері:

2006 ж. «Кек» – Дүйімқара (режиссері – Д.Манабаев);

2008 ж. «Қалжа» – Дастан (режиссері – С.Сраилов);

2007 ж. «Лавэ» – Әділ (режиссері – Ә.Райбаев);

2009 ж. «Елім-ай» – Абылай (режиссері – А.Айтуаров);

2010 ж. «Астана – махаббатым менің» – Ерлан (режиссері – Е.Шынарбаев);

2011 ж. «Армандастар» – Арман (режиссері – И.Сағынов);

2012 ж. «Сердце мое – Астана» (режиссері – Ж.Пошанов, Е.Кончаловский);

2012 ж. «Алдар көсе» – Қасым хан (режиссері – Д.Махаматдинов);

2012 ж. «Цена свободы» – Асхат (режиссері – Ж.Исабаева);

2012 ж. «Парыз» – Асан (режиссері – Ж.Пошанов);

2012 ж. «Жаужүрек мың бала» – Райымбек батыр (режиссері – А.Сатаев);

2013 ж. «Сұңқар» – Азамат (режиссері – Ж.Пошанов);

2014-2015 ж.ж. «Қарашаңырақ» – Дәулет (режиссері – А.Сахаман, Қ.Мұстафин, Ә.Матжанов, Л.Лисасина);

2015 ж. «Рэкетир 2» – Мико (режиссері – А.Сатаев);

2016 ж. «Анаға апарар жол» – Ілияс (режиссері – А.Сатаев);

2017 ж. «Көзайым2» – Мұхит (режиссері – А. Абилов);

2018 ж. «Томирис» – Арғұн (режиссері – А.Сатаев);

 

 

Жетістіктері:

  • 2010 ж. ІІІ Халықаралық Орталық Азия елдерінің театрлар фестивалінің «Үздік Шыңғысхан рөлі» (Ш.Айтматов пен Ә. Кекілбаев «Шыңғысхан» – Шыңғыс хан рөлі) жүлдесінің иегері;
  • 2014 ж. Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты;
  • 2015 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері;
  • 2017 ж. «Кино беделдісі» номинациясы бойынша «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының иегері;
  • 2017 ж. Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған Түркі әлемі театрларының «Театр көктемі-2017» халықаралық фестивалінің «Қойылымдағы ұтымды бейне» (У.Шекспир «Асауға тұсау» – Петручио рөлі) жүлдесінің иегері;
  • 2017 ж. Қазақстан Ұлттық (этникалық) театрларының ІV республикалық фестивалінің «Үздік ер адам бейнесі» (Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» – Абылай хан ролі) жүлдесінің иегері;
  • 2017 ж. Қырғызстан Республикасы мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасының» иегері;
  • 2017 ж. Астананың 20 жылдық дамуына кинематография саласында қосқан үлесі үшін «Астана – Ардағым» мерейтойлық сыйлығынығң иегері;
  • 2017 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • 2017 ж. «ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясына 20 жыл» мерекелік медалінің иегері;
  • 2018 ж. «Қазақстан патриоты» мерейтойлық белгі;
  • 2018 ж. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

 

«Алатау» футбол клубының ойыншысы

Толығырақ