Әсем Жазылбекқызы ҚУАНЫШБАЕВА

20 қыркүйек 1983 ж. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді.

2002-2006 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «Музыкалық драма және эстрадалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

2006-2008 ж.ж. аталған оқу орнының «Кино және театр режиссері» бөлімінің магистратурасын бітірген.

 

2007 ж. «Түрік әлемі» студиясында режиссердің көмекшісі.

2008 ж. «На заре» қысқаметражды фильмі, «Во имя любви» толықметражды фильмі, Қазақстан ұлттық арнасындағы әлеуметтік роликтердің түсірілімі және CNL телеарнасында режиссер.

2009 ж. «Город мечты» сериалының практиканты.

2010-2011 жж. VideoStill студиясында режиссердің көмекшісі, кастинг директоры.

2011 ж. 24 kz арнасында режиссер.

2011 жылдан бастап Жастар театрында актриса.

 

Театрдағы рольдері:

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/ – Анфиса Михайловна (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ – Қырмызы (Тілептің анасы) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Құлмамбетов  «Жасауыл» /парабола/әфсана/ – Әйел (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Дж.Родари  «Чиполлино» /ертегі/ Жүгері (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова);

 

 

Кинодағы рольдері:

2018 ж. «Үзілмес үміт» /сериал/ – (режиссері – Е.Нұрмұхамбетов).

Толығырақ