Асланбек Асылбекұлы ЖАНҰЗАҚОВ

1991 жылы 4 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының  «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.

 

2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;
2015ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, коюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

2015 жылдан бастап Астана қаласы  Жастар театрының актері.

 

Театрдағы рольдері:

Ж.П.Пило, О.Шультез  «Моцарт» /мюзикл/  – Леопольд (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Тұрсынбай  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

В.Орлов  «Мейірімді жүрек» /ертегі/ Қасқыр (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ж.Құлмамбетов  «Жасауыл» /парабола/әфсана/ – Жауынгер (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Бекежан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

Кинодағы рольдері:

2013 ж.    «Сәкен Сейфуллин» деректі фильмі – Сәкен Сейфуллин;

2014ж. «Шәкен Айманов» деректі фильмі – Шәкен Айманов;
2014 ж.    «Әр үйдің сыры басқа» –  Руслан;

 

Жетістіктері:

  • 2017 ж. Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажагуловтың атынан арнайы «Алғыс хат»;
Толығырақ