Айман ЕСЕНҚЫЗЫ

15 наурыз 1989ж. Алматы облысы, Көксу ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келді.

2006-2010 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

2010 жылдан бастап Жастар театрында актриса.

 

Театрдағы рольдері:

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» /лирикалық драма/ – Сәнтай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/ – Жанар (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/ – Ай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Шпекина (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» /мюзикл/ – Анита, Ничья (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/ – Даяшы (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/  – Сәжида (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ю.Алесин «Золушка» – Фея ((Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/ – Балапан (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

Ә.Фазуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/  – Лақ (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Халық ертегісі «Ұр,тоқпақ!» – Қаз (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Қасымбек «Наурыз ару» /ертегі/ – Балым (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/  – Айткүл (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Патшайым (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай…» /комедия/  – Клодина (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (мюзикл) – Дүрия (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

«Қазақстан» телеарнасындағы телехикаялар мен «Балапан» телеарнасындағы анимациялық фильмдердің дубляж актері;

 

Жетістіктері:

  • 2017 ж. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атынан «Алғыс хат»;
  • 2018 ж. Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешовтің атынан арнайы «Алғыс хат»;
Толығырақ