Азамат Жұмабайұлы ЕСҚҰЛОВ

Актер, әнші.

1 наурыз 1981 ж. Алматы облысы, Жаркент ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келді.

1998 ж. Қаскелең Мәдениет колледжіне түсіп, «Дирижер және мәдени демалыс қызметін атқарушы» мамандығын тәмадады.

2002-2006 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығын профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2006-2007 ж.ж. – Тазабеков театрында актер.

2007 жылдан бастап Жастар театрының актері.

 

Театрдағы рольдері:

          Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Артем Филиппович (Земляника) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ – Баптиста (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» /лирикалық драма/  – Сағын (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/  – Қаһар (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/ –  Ересек (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/  –  Ғалым (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/ – Қожа (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар…» /драма/ – Военком (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Халық ертегісі «Ұр тоқпақ» /ертегі/ –  Шал (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Король (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/  – Қасқыр (Қоюшы режиссер – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

Н.Оразалин «Аққұс туралы аңыз» /ертегі/ – Тоқтамыс (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);  

С.Қасымбек «Лифт» /психологиялық драма/ – Еркек (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Дауашы (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ – Аспантай (Тілептің әкесі) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

 

Кинодағы рольдері:

2008 ж. «Қалжа» фильмі – Оралман бала (режиссері – С.Сраилов);

2009 ж. «Қанталапай» фильмі – Милиция;

2015 ж. «Өмір сабақтары»: «Ақылды әйел» – Серік (прдюсері – Б.Ибрагимов);

 

«Қазақстан», «7 арна» телеарналарда дубляж актері.

 

 

Жетістіктері:

  • 2017 ж. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атынан «Алғыс хат»;
  • 2017 ж. «ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясына 20 жыл» мерекелік медалінің иегері;
Толығырақ