Бақыт Бахтанұлы ХАДЖЫБАЕВ

Бақыт Бахтанұлы ХАДЖЫБАЕВ – театр және кино актері, Мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі.

18 қаңтар 1983 ж. Алматы қаласында дүниеге келді.

2002-2006 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығын профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2006-2007 ж.ж. Тазабеков театрында актер.

2007 жылдан бастап Жастар театрының актері.

 

Театрдағы рольдері:

Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/  –  Ұстаз (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» /мюзикл/  – Қодар (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/  – Амос Федорович (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев  «Шыңғысхан» /әфсана/  – Ердене (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/  – Көлеңке (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/ – Жәміл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/  – Петручио (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/ – Пильгез (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар…» /драма/  – Баттал (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Ахметжан «Сұлу мен суретші» /ноктюрн/ – Суретші (қартайған шағы) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Қасымбек «Лифт» /психологиялық драма/  – Еркек (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Кейуана (Бұхар)  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ – Қойлыбай (Сарықыздың әкесі, қобызшы) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Бекжанов «Өмір» /драма/ – Өмір  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ – Бердібай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Е.Уахитов «Құдалар» /комедия/ – Момын (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

Кинодағы рольдері:

2017 ж. «Қағаз кеме» фильмі – Берік (режиссері – Е.Беделхан);

2018 ж. «Киберзащитник» – Дебютант (режиссері – Т.Аубакиров);

2018 ж. «Қазақстан патриоты» мерейтойлық белгі;

2014 ж. Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Шарайна» бағдарламасының жүргізушісі.

Толығырақ