Балжан Жарқынбекқызы ЗИЯҚҰЛОВА

23 желтоқсан 1990 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келді.

2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2013 жылдан бастап Жастар театрында актриса.

 

 

 

 

Театрдағы рольдері:

Т.Миңнуллин «Іздеп таптым сені…» /мелодрама/ – Нұрсина (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты); 

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Өгей шеше (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» – Түлкі /ертегі/ (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев  «Шыңғысхан» /әфсана/ – Кейуана (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Құлмамбетов  «Жасауыл» /парабола/әфсана/ – Әйел (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Дж.Родари  «Чиполлино» /ертегі/ Асқабақ (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова);

Толығырақ