Шыңғыс Нұрқанатұлы ЖАҚЫПБАЙ

1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2009-2012 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжін «Музыкалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының  «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.
2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014»мюзикл фестивалінің лауреаты;

2015ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, коюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
2015 жылдан бастап Астана қаласы  Жастар театрының актері.

Колледж сахнасында сомдаған рольдері:

Ү.Ғаджыбеков «Аршын мал Алан» – Сұлтанбек;

Д.Исабеков «Құстар фестивалі»  – Бала қарға.

Театрдағы рольдері:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Сансызбай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ –  Князь, Розенберг (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Сабалақ, Әбілмансұр  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

В.Орлов  «Мейірімді жүрек» /ертегі/ Қасқыр (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Дж.Родари  «Чиполлино» /ертегі/ Бұршақ (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова);

Б.Бекжанов «Өмір» /драма/ – Өмір (бозбала)  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Кинодағы рольдері:

«Болашақ» телехикаясы – Арман;

«Жат» фильмінде Батыр даусын дыбыстады;

Толығырақ