Данияр Әшімханұлы ОРАЗАЕВ

2 шілде 1990 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келді.

2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2013 жылдан бастап Жастар театрында актер.

 

 

 

 

 

Театрдағы рольдері:

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/ – Сұлтан (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Қанат, Ержан (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Бүркіт (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар…» /драма/  – Балташ (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай…» /комедия/ – Клитандр (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Халық ертегісі «Ұр,тоқпақ!» /ертегі/ – Қазыбай (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Астраханцев «Достық пен қулық» /ертегі/ – Түлкі (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Т.Миңнуллин «Іздеп таптым сені…» /мелодрама/ – Жігіт (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

С.Қасымбек «Лифт»/психологиялық драма/  – Айдауыл (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Лама Доржы, Ойрат елшісі  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Құлмамбетов  «Жасауыл» /парабола/әфсана/ – Жасауыл (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Бекежан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

Кинодағы рольдері:

2016 ж.  «Прищельцы в ауле» – Лейтенант Сексенбаев (режиссері – Б.Алимбаев);

2017 ж. «Ән-аға» – Асанәлі Әшімов (режиссері – Ж.Пошанов);

2017 ж.  «Teleport» – Мұрат (режиссері – Қ.Мұстафин);

Толығырақ