Дәурен Серікбекұлы СЕРҒАЗИН

Дәурен Серікбекұлы СЕРҒАЗИН – театр және кино актері, режиссер, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

6 қазан 1984 ж. Теміртау қаласында дүниеге келді.

Өскен жері: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал-Арасан ауылы.

2002-2006 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығын профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2006-2007 ж.ж. «Қымызхана» бағдарламасы (ТРК Қазақстан) – Жексен.

2006-2007 ж.ж. Тазабеков театрында актер.

2007 жылдан бастап Жастар театрының актері.

 

Театрдағы рольдері:

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» /мюзикл/ – Қозы (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ –  Хлестаков (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/ – Шыдұрғы (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Ш.Айтматов «Жан азабы» /әфсана/  – мәңгүрт Жоламан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/ – Әмір (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/  – Жан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/  – Қожа (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/  – Люченцио, Бъонделло (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/  – Бала (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы » /мелодрама/  – Артур (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Ержан (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Д.Исабеков «Бақыт құсы» /драма/ – Бектұр (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар…» /драма/  – Бақыт (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Іздеп таптым сені…» /мелодрама/  – Рахымжан (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Король (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/ – Түлкі (Қоюшы режиссер – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

С.Астраханцев «Достық пен қулық» /ертегі/  – Түлкі (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Н.Коляда «Тасбақа Үміт» /психологиялық драма/ – Арман (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ Кейуана (Бұхар)  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері).

О.Бөкей «Ұйқым келмейді…»  /музыкалық моноспектакль/Жеңісхан (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ – Сарыбас (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Е.Уахитов «Құдалар» /комедия/ – Қылышбек (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

Режиссерлік жұмысы:

М.Леви «Жер мен көктің арасы » /мелодрама/ 2013 ж.

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ 2014 ж.

Н.Оразалин «Аққұс туралы аңыз» /ертегі/ 2015 ж.

Т.Миңнуллин «Іздеп таптым сені…» /мелодрама/ 2015 ж.

Н.Коляда «Тасбақа Үміт» /психологиялық драма/ 2016 ж.

О.Бөкей «Ұйқым келмейді…»  /музыкалық моноспектакль/ 2017 ж.

 

Кинодағы рольдері:

«Возвращение в А» – Алтай ежиссері Е.Кончаловский);

«Жас ұлан» – Лейтенант Талғатов ежиссері – С.Утепбергенов, И.Зайцев);

2011 ж. «Алдар көсе» – Алдар ежиссері Д.М.Махаматдинов);

2012 ж. «Путь лидера» – Бекош ежиссері –  Р.Әбдірашев);

2012 ж.  «Жаужүрек мың бала» – Сәбит  ежиссері А.Сатаев);

2013 ж. «Ауыл сақшысы» – Ерен ежиссері –  С.Құрманбеков);

2014-2015 ж.ж. «Қарашаңырақ» – Мәди (режиссерлері – Айдын Сахаман, Қанағат Мұстафин, Әнуар Матжанов, Лена Лисасина);

2015 ж. «Приказ вернутся живым» (режиссері – Горлов);

2017 ж. «Ән-аға» – Шәмші Қалдаяқов (режиссері – Ж.Пошанов);

2017 ж. «Брат или Брак» – Айдар ежиссёрі – Е.Нургалиев);

2018 ж. «Брат или Брак2» – Айдар ежиссёрі – Е.Нургалиев);

 

Дубляжда дыбыстаған кейіпкерлері:

«Аладдин» – Жын рөлін дыбыстаушы;

«Арыстан патша» – Тимон рөлін дыбыстаушы;

 

2015-2016 ж.ж. «7 арна» «Күнбастар» бағдарламасының жүргізушісі.

 «Хабар», «Қазақстан», «7 арна», «Астана» телеарналарында дубляж актері.

 

Жетістіктері:

  • 2004ж. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлделі ІІ орын иегері (көркем сөз оқу);
  • 2014 ж. Орта Азия мемлекеттерінің V халықаралық театрлар фестивалінің «Ең үздік ер адам бейнесі» (Н.Гоголь «Ревизор» – Хлестаков ролі) жүлдесінің иегері;
  • 2015 ж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының иегері;
  • 2017 ж. Қырғызстан Республикасы мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасының» иегері;
  • 2018 ж. – «Үздік актер» номинациясы бойынша «Сахнагер-2018» ұлттық сыйлығының иегері;
  • 2018 ж. Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешовтің атынан арнайы «Алғыс хат»;
  • 2018 ж. – «Samgau» VI Халықаралық театр фестивалінің фестивалінің «Үздік ер адам бейнесі» (Н.Гоголь «Ревизор» – Хлестаков ролі) жүлдесінің иегері;
  • 2018 ж. – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Толығырақ