Диана Серікқызы СМАҒҰЛОВА

21 ақпан 1985ж. Қарағанды қаласында дүниеге келді.

2005-2009 ж.ж. Қазақ Ұлттық Өнер университетінде Ақыш Омардан тәлім алып, «Драма және кино артисі» мамандығын игерген.

2007-2009 ж.ж. Президенттің мәдениет орталығының дәстүрлі театрында актриса қызметін атқарған.

2009-2012 ж.ж. №2 Өнер мектебінде «Актер шеберлігі, «Сахна тілі» пәндерінің ұстазы қызметінде.

2009 жылдан бастап Жастар театрында актриса.

 

 

Театрдағы рольдері:

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/ – Майқанова апай (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» /мюзикл/ – Мақпал (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/  – Сәжида (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/ – Кемпір (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Катя (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай…» /комедия/ – Сотанвиль ханым (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Халық ертегісі «Ұр тоқпақ» /ертегі/  – Кемпір (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ә.Файзуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/  – Түлкішек (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Золушка, Өгей шеше (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Астраханцев «Достық пен қулық» /ертегі/ – Тасбақа (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Толығырақ