Ғазиза Қазезтайқызы АШИМОВА

9 ақпан 1985ж. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Зеренді ауданында дүниеге келді.

2001-2004 ж.ж. Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде білім алды.

2006-2010 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында оқып, «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

2010 жылдан бастап Жастар театрында актриса.

 

Театрдағы рольдері:

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/  – Жанар (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ – Бьянка (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай…» /комедия/ – Анжелика (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» /мюзикл/ – Баян (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/ – Гүрбелжін (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Мария Антоновна (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/  – Медбике (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» /мюзикл/  – Ничья (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Халық ертегісі «Ұр, тоқпақ!» /ертегі/ – Кемпір (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/  – Золушка (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ә.Файзуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/  – Түлкішек (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Қасымбек «Наурыз Ару» /ертегі/ – Балым (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/  – Патшайым (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Астраханцев «Достық пен қулық» /ертегі/  – Қоян (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Топыш (жас кезі) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

2008 ж. Қазақстан телеарнасының 50 жылдығына арналған бағдарламаның жүргізушісі;

2015 ж. «Ничего личного» сериалында эпизодтық роль орындаушысы;

Толығырақ