Іңкәр Асхатқызы НӘСИЕВА

22 желтоқсан 1991 жылы БҚО, Орал қаласында дүниеге келді.

2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2013 жылдан бастап Жастар театрының актрисасы.

 

 

 

 

 

 

Театрдағы рольдері:

Т.Миңнуллин «Іздеп таптым сені…» /мелодрама/ – Нұрсина (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты). 

М.Ричардс «Чикаго» – Рокси /мюзикл/ (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/  – Жібек (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Золушка (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/ – Бақа  (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

Ә.Фазуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/ – Түлкішек (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Халық ертегісі «Ұр,тоқпақ!» /ертегі/ – Қаз (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Тауыс (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

О.Бөкей «Ұйқым келмейді…»  /музыкалық моноспектакль/ – Вокал (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Д.Саламат – «Жаңа жылды кім ертіп келеді?» /ертегі/ Қоян (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Толығырақ