Қаламқас Саятқызы МЕЛИСОВА

1994 жылдың 3 тамызында Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.
Өскен жері: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылы.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының  «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.
2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;

2015ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, коюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

2015 жылдан бастап Астана қаласы  Жастар театрының актрисасы.

 

Театрдағы рольдері:

Ж.Пило, О.Шультез  «Моцарт» /мюзикл/  – Моцарттың қарындасы (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай);

С.Астраханцев «Достық пен қулық» /ертегі/ – Тышқан ((Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» – Катя /комедия/ (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Дж.Родари  «Чиполлино» /ертегі/ Құлпынай (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова);

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/ – Жанар (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Б.Бекжанов «Өмір» /драма/ – Сана (бойжеткен)  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

Кинодағы рольдері:

2014 ж. «Әр үйдің сыры басқа» телехикаясы – Құралай.

Толығырақ