Кенжегүл Ілиясқызы ЖОРАБАЕВА

3 сәуір 1987 ж. дүниеге келді.

2007-2011 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының актерлік бөлімін тәмамдады.

2011 жылдан бастап Жастар театрында актриса.

 

 

 

 

 

 

 

 

Театрдағы рольдері:

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/ – Морэн (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты); 

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ – Бьянка (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/  – Гүлзат (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты); 

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/ – Анфиса Михайловна (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай…» /комедия/  – Клодина (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Фея, Золушка  (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ә.Фазуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/  – Лақ (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/  – Бақа (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

Н.Оразалин «Аққұс туралы аңыз» /ертегі/ – Мыстан кемпір (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты); 

 

 

Кинодағы рольдері:

С.Қалиевтің «Нағыз бақыт» фильмі – Сәуле;

2015 ж. «Өмір сабақтары»: «Бақыт деген не?» – Салтанат (прдюсері – Б.Ибрагимов);

2015 ж. «Өмір сабақтары»: «Таңдаған тазға жолығар» – Әсемгүл (прдюсері – Б.Ибрагимов);

Толығырақ