Құндыз Болатқызы ҚАНҚОЖИНА

1992 жылыдың  29 тамызында ШКО Семей қаласында дүниеге келді.

2008-2012 ж.ж. М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжде «Хор дирижері» мамандығын игерді.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының  «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.

2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;

2015ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  );

2015 жылдан бастап Астана қаласы  Жастар театрының актрисасы.

 

Театрдағы рольдері:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ –  Қамқа (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Астраханцев «Достық пен Қулық « /ертегі/ – Күркетауық (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ –  Моцарттың анасы Анна (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Күлпәш /Қалдан Шерінің кішіәйелі/  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

В.Орлов  «Мейірімді жүрек» /ертегі/ Түлкі (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Дж.Родари  «Чиполлино» /ертегі/ Шие ханшайым (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова);

С.Қасымбек «Лифт»/психологиялық драма/  – Қыз (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Бекжанов «Өмір» /драма/ – Арда  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Толығырақ