Мәдина ЖҰМАБАЕВА

12 мамыр 1985 жылы Украина республикасы, Сумы қаласында дүниеге келді.

2001-2004 ж.ж. Петропавл өнер колледжін «Драма актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

2002-2005 ж.ж. С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды драма театрында актриса;

2007-2008 ж.ж. Астана қаласындағы ҚР Президенттік мәдениет орталығының Дәстүрлі театрында актриса болып қызмет етті;

 

Солтүстік Қазақстан облыстық телеарнасында, City Z продюсерлік орталығында (Астана қаласы) дубляж актері;

2005-2009 ж.ж. Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Театр және кино актері» мамандығын Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ақыш Омардың шеберханасында игеріп шықты.

2010 жылдан бастап Астана қаласы Жастар театрында актриса.

 

Театрдағы рольдері:

Мериме, Бизе-Щедрин «Кармен» /музыкалы-пластикалық трагедия/ –  Кармен (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ –  Катарина (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/   –  Милат (Қожаның анасы)  (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев  «Шыңғысхан»  /әфсана/ – Кейуана (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» /лирикалық драма/ – Нұргүл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/  – Лореннің анасы (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай…» /комедия/  – Сотанвиль ханым (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/  – Өгей шеше ((Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Толығырақ