Махаббат Ниязбекқызы МАДҒҰЛОВА

1 шілде 1981ж. Көкшетау қаласында дүниеге келді.

2004-2007 ж.ж. Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі Гүлжан Әспетовадан дәріс алды.

2007 жылдан бастап Жастар театрының актрисасы.

 

Театрдағы рольдері:

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ –  Анна Андреевна (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/ – Қожаның әжесі (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Өгей шеше (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Қасымбек «Наурыз ару» /ертегі/  – Әдемі күн (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/  – Жесір әйел (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар…» /драма/  – Эмма Ивановна (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай…» /комедия/ – Анжелика (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ – Масаты (Тілептің кемпірі)  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

 

 

 

Кинодағы рөльдері:

2010ж. «Астана – махаббатым менің» – Әуежай диспетчері;

2011ж. «Жас ұлан» эпизодтық роль;

2012ж. «Лампочка» (новелла);

2016ж. «Қызыл алма»/мелодрама/ – Жанат Ахатова (басты роль), «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы;

 

Жетістіктері:

  • 2017 ж. «Туғанлық» VI Халықаралық түркітілдес театрлар фестивалінің «Екінші пландағы үздік әйел бейнесі» (Н.Гоголь «Ревизор» – Анна Андреевна ролі)жүлдесінің иегері;

 

«7 арнада» он шақты түрік және деректі фильмдердің дубляж актрисасы.

Толығырақ