Мейірғат Табиғатұлы АМАНГЕЛДИН

24 тамыз 1992 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келді.

1997 жылдан бастап ОҚО, Сарыағаш қаласында тұрады.

2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2013 жылдан бастап Жастар театрының актері.

 

 

 

 

Театрдағы рольдері:

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» – Қожа (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

С.Қасымбек «Наурыз Ару» /ертегі/ – Құлыншақ (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Құмырсқа (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Қайыржан (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Д.Исабеков «Бақыт құсы» /драма/ – Керім (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар…» /драма/  – Бақыт  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай…» /комедия/ – Любен (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Халық ертегісі «Ұр,тоқпақ!» /ертегі/ – Бала (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Әмір Сана  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

О.Бөкей «Ұйқым келмейді…»  /музыкалық моноспектакль/ – Вокал (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты); 

 

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ – Тілеп (жас кезі)  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Саламат – «Жаңа жылды кім ертіп келеді?» /ертегі/ Түлкі (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Құлмамбетов  «Жасауыл» /парабола/әфсана/ – Ер адам (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Дж.Родари  «Чиполлино» /ертегі/ Жүзім (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова);

Ғ.Мүсірепов «Жібек» /мюзикл/ – Төлеген (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

 

 

 

Кинодағы рольдері:

2017 ж. «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» /көп сериалы тарихи драма/ – Қасым хан (режиссері – Р.Әбдірашев);

2018 ж. «Үзілмес үміт» /сериал/ – Жандос (режиссері – Е.Нұрмұхамбетов);

2018 ж. «Қазақ хандығы.  Алтын тақ» /көп сериалы тарихи драма/ – Қасым хан (режиссері – Р.Әбдірашев);

2019 ж. «Ауыл кэмп» /сериал/ – Қайрат (режиссері – Р.Акун);

 

 

 

Жетістіктері:

  • 2017 ж. «Үміт» сыйлығының иегері «Сахнагер – 2017»;
  • 2017 ж. «Театр» номинациясы бойынша «Астана Дарыны 2017» марапатының иегері;
Толығырақ