Наурыз Сабағатқызы САБАҒАТОВА

22 наурыз 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.

2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2013 жылдан бастап Астана қаласы Жастар театрында актриса.

 

 

 

Жастар театры Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2007 жылы шілде айының 5-ші жұлдызында құрылды. Өзінің 10 жылдық тарихында Халықаралық, Республикалық деңгейдегі байқаулардан 10 бірдей Гран-При жүлдесін қанжығасына байлауы – жас ұжым өнерінің бағытына бағдар, өрісіне өлшем.

 

Театрдағы рольдері:

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Золушка (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/  – Байғыз (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Сайра (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар…»/драма/  – Балшекер (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Фазуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/  – Түлкішек (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Қасымбек «Наурыз  Ару» /ертегі/  – Бәйшешек (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/ – Майқанова апай (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

М.Ричардс «Чикаго» /мюзикл/  – Саншайн (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Қасымбек «Лифт»/психологиялық драма/  – Қыз (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Дж.Родари  «Чиполлино» /ертегі/ Чиполлино (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова);

Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/  – Ай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/ – Лорен (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Толығырақ