Назерке Серікболқызы СЕРІКБОЛОВА

1993 жылы 12 қыркүйекте ШҚО  Зайсан қаласында дүниеге келген.
2003-2008ж.ж. Музыка мектебінде «Қобыз» сыныбы бойынша білім алды.

2009-2012 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжін «Музыкалық театр актрисасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының  «Эстрада әртісі(мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.

2015 жылдан бастап Астана қаласы  Жастар театрының актрисасы.

 

 

Жастар театры Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2007 жылы шілде айының 5-ші жұлдызында құрылды. Өзінің 10 жылдық тарихында Халықаралық, Республикалық деңгейдегі байқаулардан 10 бірдей Гран-При жүлдесін қанжығасына байлауы – жас ұжым өнерінің бағытына бағдар, өрісіне өлшем.

 

Театрдағы рольдері:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Жібек (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ –  Алоизия (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Күлпәш /Қалдан Шерінің кішіәйелі/  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ – Сары қыз  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

В.Орлов  «Мейірімді жүрек» /ертегі/ Түлкі (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Дж.Родари  «Чиполлино» /ертегі/ Бүлдірген (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова);

Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/  – Гүл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/ – Ремарка (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

2015 жылдан бастап Диснейдің халықаралық деңгейдегі мультфильмдерін  қазақ тілінде дубляждауға үлкен үлесін қосуда.

 

Дубляжда дыбыстаған кейіпкерлері:

«Золушка» – Дризелла;

«Ақшақар» – Ақшақар;

«Белоснежка и 7 гномов» – Белоснежка;

«Алиса в зазеркалье – Алиса;

«Холодное сердце» – Анна;

«Мона» – Моана;

«Красавица и Чудовище» – Красавица;

«Валериан и город тысяча планет» – Лоурен;

«Человек Паук» – Мджей;

«Рапунцель» – Рапунцель;

 

 

Жетістіктері:

  • 2012 ж. Республикалық эстрадалық вокал конкурсы лауреаты;
  • 2013 ж. Республикалық пәндер олимпиадасы – «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясының иегері;
  • 2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;
  • 2015ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
  • 2017 ж. Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешовтің атынан арнайы «Алғыс хат»;
  • 2018 ж. «Үміт» сыйлығының иегері «Сахнагер – 2018»;

 

2013-2015 ж.ж. Аспапты-вокалдық топта шығармашылықпен айналысты (Live Band).

Толығырақ