Шехназа Сейітқазықызы ҚЫЗЫХАНОВА

1994 жылы 6 ақпанда  Алматы қаласында дүниеге келген.

Өскен жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылы.

2009-2012 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжін «Музыкалық театр актрисасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясының  «Эстрада әртісі(мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.

2015 жылдан бастап Астана қаласы  Жастар театрының актрисасы.

Жастар театры Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2007 жылы шілде айының 5-ші жұлдызында құрылды. Өзінің 10 жылдық тарихында Халықаралық, Республикалық деңгейдегі байқаулардан 10 бірдей Гран-При жүлдесін қанжығасына байлауы – жас ұжым өнерінің бағытына бағдар, өрісіне өлшем.

 

Колледж сахнасында сомдаған рольдері:

Ү.Ғаджыбеков «Аршын мал Алан»- Телли;

Д.Исабеков «Құстар фестивалі»  – Тотықұс;

«Бақыт құсы» –  Жарық;

«Севильдік шаштаразшы» –  Розина.

Театрдағы рольдері:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (мюзикл) – Дүрия (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Астраханцев «Достық пен Қулық» /ертегі/ – Қоян (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ –  Констанция (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Топыш /жас кезі/  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Саламат – «Жаңа жылды кім ертіп келеді?» /ертегі/ Тиын (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/  – Сайра (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ш. Айтматов, Ә.Кекілбаев  «Шыңғысхан» /әфсана/ – Догулан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

Кинодағы рольдері:

2013ж.  «Әр үйдің сыры басқа» телехикаясы – Ерке;

2014-2018 ж. Голливудтық  “Күлбике” фильмінде  – Күлбике,  «Спектр007» фильмінде – Мадлен Суон, «Монстры на каникулах» – Капитан, «Өрмекші адам» – Лиза, «Звезные войны» – Джин Эрсо басты кейіпкерлерді қазақша дыбыстаған;

 

 

Жетістіктері:

  • 2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;
  • 2015 ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
  • 2016ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған XXIV театрлар фестиваліннің лауреаты. Ақтөбе қаласы. «Моцарт» мюзикл;
  • 2018 ж. Оңтүстік Корея «DIMF XII» Халықаралық мюзикл фестивалінің Арнайы диплом иегері (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
  • 2018 ж. Р.Сейтметовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVІ Республикалық фестивалі «Үздік спектакль»Гран-при иегері. (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
  • 2018 ж. «Театр» номинациясы бойынша «Елорда Жастар сыйлығы» марапатының иегері;
Толығырақ