Жандәулет БАТАЙ

30 тамыз 1984 ж. Монголияның Баян-Өлгей өңірінде дүниеге келді.

2002-2006 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығын профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2006-2007 ж.ж. Тазабеков театрында актер.

2007 жылдан бастап Жастар театрының актері.

 

Театрдағы рольдері:

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Бобчинский (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» /мюзикл/  –  Жантық (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/  – Шәкір (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/  – Том (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Б.Соқпақбаев «…Көзіме бір көрінсең, бала ғашық…» /сахналық повесть/  – Жантас (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/ –  Ақын (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/  – Дос (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/  – Грумио (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,  Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай…» /комедия/ – Жорж Данден (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

С.Қасымбек «Лифт» /психологиялық драма/ – Хатшы (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Диуана (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Директор  (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Шеге (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

 

 Кинодағы рольдері:

«Қанталапай», «Қалжа», «Жаужүрек мың бала», «Препод» фильмдері.

«Елдің ерлігі» – Рамазан Елебаев (режиссері – Ә.Сейітқали);

«Ничего личнего» – Ринат (режиссері – С.Булов);

«Ән-аға» – Мұхтар Шаханов  (режиссері – Ж.Пошанов);

2014-2015 ж.ж. «Қарашаңырақ» – Таир (режиссері – А.Сахаман, Қ.Мұстафин, Ә.Матжанов, Л.Лисасина);

 

«Қазақстан», «7 арна» телеарналарында дубляж актері.

 

Жетістіктері:

  • 2004 ж. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлделі ІІ орын иегері (көркем сөз оқу);
  • 2015 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері;
Толығырақ