0 Жүктелуде ...

ЖАСТАР
ТЕАТРЫ
ЖАСТАР
ТЕАТРЫ

15 қазан 2021

ЖАСТАР ТЕАТРЫ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛҒАН «ҚАНАТТЫЛАР» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Елімізде тұңғыш рет «Жастар театры» жанынан құрылған «Қанаттылар» инклюзивті театры ашылмақ. Су жаңа театр Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен 2021 жылдың 15 - қазан күні Г.Салықбайдың «Қанаттылар» музыкалық - поэтикалық қойылымымен шымылдығын түреді.

Инклюзивті театрдың мақсаты – физиологиялық ерекшеліктері бар адамдардың талантын ашу, оларды сахнада жұлдыздай жарқыратып, қоғам ұзақ уақыт бойы байқамаған мүмкіндіктерін жүзеге асыруларына түрткі болу.

Пешенеге жазылған Тағдыр адамзат баласына әу бастан-ақ әрқилы сый тартары белгілі. Дегенмен, қамшының сабындай өмірді мәнді өткізу әркімге ортақ мұрат болмақ. Өзгеден ерек жандардың осынау алмағайып әлемде Мейірім мен Ізгіліктен жаралған қос қанаты бар. Сәуле ғұмырда сол ұлы сезімдер барда мәңгілік махаббат салтанат құрары сөзсіз... Спектакльде пластика, қозғалыс, музыка, ырғақ пен жарық өте шынайы орындалғаны сонша – артистер сахнада ойнағаннан гөрі шынайы өмір сүрген сияқты әсер қалдырады. Қойылым режиссері – Қазақ мәдениетінің қайраткері Нурфат Вахитов.

Сағат 16:30-да БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция өтеді.

Пресс-конференцияға қатысушылар:

  • Ахметов Әділ Ералыұлы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының директоры
  • Искаков Арнұр Қайнарбекұлы – «Қанаттылар» инклюзивті театрының жетекшісі
  • Вахитов Нұрфат Хабержанұлы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар

театрының режиссері

  • Серік Жүзбай - «Қанаттылар» инклюзивті театрының актері
  • Малика Мұқтарова - «Қанаттылар» инклюзивті театрының актрисасы
  • Гүлраушан Жаханша - «Қанаттылар» инклюзивті театрының актері

Қойылымда ілеспе аударма қамтылған (синхронный перевод)

Касса: 8/7172/ 39-26-48

Құрметті БАҚ өкілдері! «Жастар театрының» жанынан құрылған «Қанаттылар» инклюзивті театрының өнерін тамашалап, ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз!

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры»

Күні:  15, 16,17 қазан 2021 жыл

Уақыты: 19.00-де

БАҚ бөлімі: +7775 278 23 05, +7775 511 91 73

 

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, І.Есенберлин көшесі 10. «Жастар театры»



10%
Жылжыту Көру Жабу Қосу