0 Жүктелуде ...

ЖАСТАР
ТЕАТРЫ
ЖАСТАР
ТЕАТРЫ

08 қыркүйек 2021

Жастар театры ХV мерейлі театр маусымының шымылдығын түреді!

Еліміз үшін маңызды оқиғалар ортасынан табылып, үнемі өз үнін қосып келе жатқан елорданың төл перзенті – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖАСТАР ТЕАТРЫ» ұжымы Тәуелсіз мемлекетіміздің кемелденуіне ықпал етер игі бастамалардың әр кез басы-қасынан табылып келеді. Мемлекеттік жоспарға сай талантты шығармашылық ұжым театрымыздың тағылымы мол, мазмұндық мәні бай репертуарымен өз көрерменін жан-жақты таныстыруда. Жаңа маусымда өнер ұжымы өз көрерменімен сағына қауышатындығын қуана хабарлаймыз!



Нұр-Сұлтан қалалық «Жастар театры» жаңа ХV мерейлі театр маусымын 10-11 қыркүйек күндері сағат 19:00-де Т.Ахметжанның «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым.» мюзиклімен ашпақ. Сөзбен айтып жеткізгісіз сезімдердің әсері музыка тілінде үн қатқанда тіпті күшейе түспек. Жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы әуен тербеген ғашықтардың махаббат хикаясы көрерменді де бей-жақ қалдырмасы анық. Қойылым режиссері – театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

Сағат 18:00-де БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция өтеді.

Пресс-конференцияға қатысушылар:

1.Ахметов Әділ Ералыұлы – театр директоры

2.Нұрқанат Жақыпбай – театрдың көркемдік жетекшісі, әрі бас режиссері

3.Танатаров Досымжан Қарпықұлы - шығармашылық бөлім бойынша директордың

орынбасары

4.Эсқұлов Азамат Жұмабайұлы – театрымыздың белді актері.

5.Батай Жандаулет - театрымыздың белді актері.

6.Серғазин Дәурен Серікбекұлы - театрымыздың белді актері.

7.Рахипова Айнұр Асанқызы - театрымыздың белді актрисасы.


Қойылымда ілеспе аударма қамтылған (синхронный перевод)

Байланыс тел.: 8/7172/ 38-01-19, +7701-322-88-28

Касса: 8/7172/ 39-26-48


Құрметті БАҚ өкілдері! «Жастар театрының» өнерін тамашалап, ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз!

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры»

Күні:  10-11 қыркүйек 2021 жыл

Уақыты: 19.00-де

БАҚ бөлімі: +7775 278 23 05, +7 775 511 91 73

 

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, І.Есенберлин көшесі 10. «Жастар театры»

10%
Жылжыту Көру Жабу Қосу