0 Жүктелуде ...

ЖАСТАР
ТЕАТРЫ
ЖАСТАР
ТЕАТРЫ

08 қыркүйек 2021

ЖАСТАР ТЕАТРЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСПЕК!!!

Мерейлі XV театр маусымы аясында «Жастар театры» өз көрерменін бірқатар жаңа туындылармен қуантуды мақсат етіп отыр.

Мемлекеттік жоспарға сай театр репертуары көркемдік идеясы ерекше, алар тағылымы мол тағы бір психологиялық драмамен толықпақ.


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театрында» 2021 жылдың 14-15 қыркүйек күндері, сағат 19-00 де драматург Қ. Мұраттың «Қиянат» драмасының премьерасы өтеді!

Қызықты сюжет, тосын шешімдерге құрылған психологиялық қойылым кейіпкерлерімен бірге көрерменін де бір сәтке бей-жай қалдырмай, ар биігінде ойлануға үндейді. Спектакльде бүгінгі өмірдің боямасыз келбеті, ұрпақ тәрбиесі, тұрмыстық өмір құбылыстары, қоғамда белең алған жемқорлық мәселесі туралы ой қозғалады.

Қойылым режиссері – театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Қоюшы суретшісі – Берік Бурбаев.


Қойылымда ілеспе аударма қамтылған (синхронный перевод)

Байланыс тел.: 8/7172/ 38-01-19, +7701-322-88-28

Касса: 8/7172/ 39-26-48


 

Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді «Жастар театрының» жаңа қойылымын тамашалап, жан-жақты ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз!

 

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театры»

Күні:  14-15 қыркүйек 2021 жыл

Уақыты: 19.00-де

БАҚ бөлімі: +7775 278 23 05, +7 775 511 91 73

 

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, І.Есенберлин көшесі 10. «Жастар театры»

10%
Жылжыту Көру Жабу Қосу