
АҚЫЛ ПАТШАЛЫҒЫ
Рөлдерде
- Патша - Ербол Есенұлы ТІЛЕУКЕНОВ Нұрбек Нұрлыбекұлы АЛИБЕК
- Патшайым - Айман ЕСЕНҚЫЗЫ
- Қаршыға - Данияр Әшімханұлы ОРАЗАЕВ
- Құмырсқа - Мейірғат Табиғатұлы АМАНГЕЛДИН Шыңғыс Нұрқанатұлы ЖАҚЫПБАЙ
- Қарға - Бекжан Нұрсұлтанұлы КЕРІМБАЕВ Елдос Сабиялыұлы ШАЙКЕНОВ
- Бүркіт - Нұрлыбек Әбдірасулұлы ТӨЛЕГЕН
- Байғыз - Наурыз Сабағатқызы САБАҒАТОВА
- Тауыс - Іңкәр Асхатқызы НӘСИЕВА Шехназа Сейітқазықызы ҚЫЗЫХАНОВА Каламкас Саяткызы МЕЛИСОВА
- Бақыт құсы - Айым Есенқазықызы ЖҮСІПБЕКОВА Назерке Серікболқызы СЕРІКБОЛОВА
- Ибрагим - Айсұлтан Дәуренбекұлы ЖӘЛИЕВ
Сипаттама
Бағзы бір заманда құстың тілін білетін патша өмір сүреді. Оның құстарды жақсы көретіні соншалық, айналасында тіршілік барын ұмытады. Алып сарайда іші пысып, жалыққан Ханшайым Сарай әміршісінің өзіне деген махаббатынан құстарға деген сүйіспеншілігінің артып бара жатқандығын қызғанып, Қарғаның ақылымен Патшадан құстың сүйегінен ақшаңқан сарай соғып беруін талап етеді. Патшаның таңдауы қандай болмақ? Сүйген жарының тілегіне құлақ аса ма, әлде қанатты достарына деген адалдығын алға қоя ма?
Мейірімділікке, жанашырлыққа, ізгілікке баулыйтын қойылымның кішкентай көрермендерге берер тағылымы мол.