
ДОСТЫҚ ПЕН ҚУЛЫҚ
Рөлдерде
- Қоян - Шехназа Сейітқазықызы ҚЫЗЫХАНОВА
- Түлкі - Дәурен Серікбекұлы СЕРҒАЗИН Данияр Әшімханұлы ОРАЗАЕВ
- Тасбақа - Диана Серікқызы СМАҒҰЛОВА
- Күркетауық - Айым Есенқазықызы ЖҮСІПБЕКОВА
- Римус көке - Ербол Есенұлы ТІЛЕУКЕНОВ Әбутәліп Мейрамханұлы ӘМІРЕ
- Мекиен - Каламкас Саяткызы МЕЛИСОВА
- Аю - Елдос Сабиялыұлы ШАЙКЕНОВ
Сипаттама
Джоэль Харристің «Ағайынды түлкі мен қоян» ертегісінің желісі бойынша
Инсценировка: С. Астраханцев
Достықтың кілті – татулықта. Айналаңа жақсылық жасап, қиын сәтте көмек қолын созуда. С.Астраханцевтің «Достық пен Қулық» ертегісінің негізгі айтар түйіні – дәл осы оймен үндеседі. Қойылым түлкінің қатігез әрекетімен жамандықтан жирендіріп, балапанның мейірімді мінезін көрсету арқылы бүлдіршіндердің балғын танымына ізгілік дәнін себуге ұмтылады. Қу түлкі және ақжүрек қоян мен оның мейірімді достарының арасында өрбитін шытырман да қызықты оқиғаның кішкентай көрермендерді қайырымдылыққа баулып, жақсы іс жасауға жетелеуде берер тәлімі мол.