
МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК
Рөлдерде
- Қасқыр - Асланбек Асылбекұлы ЖАНҰЗАҚОВ Шыңғыс Нұрқанатұлы ЖАҚЫПБАЙ
- Түлкі - Назерке Серікболқызы СЕРІКБОЛОВА
- Балапан - Каламкас Саяткызы МЕЛИСОВА
Сипаттама
Сүйкімді де сенгіш, айналасына зор сүйіспеншілікпен көз тігер мейірімді балапанның жалғыз ғана айыбы бар: тәнінің әдеттегі өзі тектес құстар секілді емес, алтыннан жаратылғандығы. Мұны біліп алған қу түлкі оңай олжаға кенелгісі келіп, алтын балапанның маңайын торуылдайды. Алайда мейірбан қасқырдың ізгі пейілі мен үлкен жүрегі түлкінің ойға алған зұлымдығын жүзеге асыруға жол бермейді.
Қойылымның кішкентай көреремендерді ізгілікке, мейірбандыққа тәрбиелеуде берер тағылымы мол.