
ҚАР ХАНШАЙЫМЫ
Рөлдерде
- Мейрімді сиқыршы - Асланбек Асылбекұлы ЖАНҰЗАҚОВ Нұрбек Кәдіржанұлы ӘДІЛБЕК
- Зұлым сиқыршы - Әбутәліп Мейрамханұлы ӘМІРЕ Шыңғыс Нұрқанатұлы ЖАҚЫПБАЙ
- Герда - Каламкас Саяткызы МЕЛИСОВА
- Кай - Мейірғат Табиғатұлы АМАНГЕЛДИН Айсұлтан Дәуренбекұлы ЖӘЛИЕВ
- Әже - Наурыз Сабағатқызы САБАҒАТОВА Шехназа Сейітқазықызы ҚЫЗЫХАНОВА
- Қар ханшайымы - Назерке Серікболқызы СЕРІКБОЛОВА
- Патша - Асланбек Асылбекұлы ЖАНҰЗАҚОВ Нұрбек Кәдіржанұлы ӘДІЛБЕК
- Қарақшылар - Әбутәліп Мейрамханұлы ӘМІРЕ Шыңғыс Нұрқанатұлы ЖАҚЫПБАЙ
- Көктем - Назерке Серікболқызы СЕРІКБОЛОВА
Сипаттама
Мейірім бар жерде ғана жылылық болады, ал ашу мен қатігездік жүрген мекеннің барлығы мұз құрсанып, суық әлемге айналады екен. Сұлу да суық Қар ханшайымының қолына тұтқынға түсіп, жүрегі мұзға айналған Кайды құтқару үшін жолындағы барлық қауіп пен кедергіні қорықпай жеңген Герданың шексіз мейірімі мен көзсіз ерлігі осыған үндейді.
Ғажайып ертегінің кереметтігі сол – жақыныңа, досыңа деген шексіз махаббат пен мейірім ғана әлемдегі бар алапат зұлымдықты жеңе алатындығын балдырғандарымызға ұғындырады. Қойылым бүлдіршіндерді мейірім мен адалдыққа, достық пен татулыққа баулиды.