ШЫҢҒЫСХАН
Рөлдерде
- Шыңғысхан - Әділ Ералыұлы АХМЕТОВ
- Кемпір - Мәдина Ғаниқызы ЖҰМАБАЕВА Балжан Жарқынбекқызы ЗИЯҚҰЛОВА
- Қаһар - Азамат Жұмабайұлы ЕСҚҰЛОВ
- Ердене - Бақыт Бахтанұлы ХАДЖИБАЕВ
- Доғұлан - Мәдина МАЙ Айым Есенқазықызы ЖҮСІПБЕКОВА Шехназа Сейітқазықызы ҚЫЗЫХАНОВА
- Шыдұрғы - Дәурен Серікбекұлы СЕРҒАЗИН
- Гүрбелжін - Айнұр Асанқызы РАХИПОВА
Сипаттама
Инсценировка авторы Ж.Құлмамбетов
...Жарты әлемді жаулаған жаһан әміршісін тізе бүктірген нендей күш? Соңғы демі үзілгенше, айналасын қаһарымен қалтыратып келген ұлы Қаһанның ажалы әлсіз әйелден болды десе, сенер ме едіңіз? Маңдайға жазылған тағдырдан пенде біткеннің қашып құтылуы мүмкін бе? Моңғолдың ұлы әміршісі – Шыңғысханның тылсымға толы талайлы тағдырын оқиға өзегіне айналдырған қойылым, өмірдің осындай ұлы сауалдарына жауап іздейді. Өмір мен өлім, нәпсі мен сабыр, ақиқат пен аңыз арасындағы адам баласы түсініп болмас тылсым сырлар көрерменін де бей-жай қалдырмасы анық.
Марапаттар:
- Орта Азия мемлекеттерінің III Халықаралық театрлар фестивалі (Алматы, 2010)
«Үздік режиссура»
«Үздік Шыңғысхан рөлі» (актер Әділ Ахметов)
- «Белая Вежа» ХХІ Халықаралық театрлар фестивалі (Белорусь Республикасы, Брест, 2016) «За зрелищное воплощение поэтических притч»
- «Айтматов және театр» Халықаралық театрлар фестивалі (Қырғызстан, Бішкек, 2018) «Үздік қойылым» - І орын