
Әбутәліп Мейрамханұлы ӘМІРЕ
- актер
Жетістіктер
2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;
2015 ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
2020 ж. Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлының атынан «Алғыс хат»;
Өмірбаян
1993 жылы 24 тамызда ОҚО Арыс қаласында дүниеге келген.
2000-2009 ж.ж, № 32 Ә.Жангелдин атындағы орта мектепті тәмамдаған.
2009-2012 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжін «Музыкалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Эстрада әртісі(мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.
2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.
Театр
Колледж сахнасында сомдаған рольдері:
С.Досанов «Жан Ұран» – Резидент;
Ү.Ғаджыбеков «Аршын мал Алан»- Велли;
Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Бас қарға.
Театрдағы рольдері:
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Бекежан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
С.Астраханцев «Достық пен Қулық» /ертегі/ – Апачи (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ – Князь (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Бекболат (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ - Тотан (ауыл баласы) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Д.Саламат – «Жаңа жылды кім ертіп келеді?» /ертегі/ Қасқыр (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Ж. Омар «Құлыншақ пен бөлтірік» /ертегі/ - Айғыр (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Г.Х.Андерсен «Қар ханшайымы» /ертегі/ - Зұлым сиқыршы, Қарақшылар (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);
М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Арыстан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Мартон (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);
Ж.Сомжүрек «Көзімнің қарасы» /музыкалық драма/ - Қиясбек (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ - Қаспақ (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Қ.Жүнісов «Пранк-Махаббат» /комедия/ - Рүстем (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Профессор, Шілде айы (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);
Кино
«Зұлмат» фильмі – Ілияс (режиссері – С.Әбдіхалықов);
Сондай-ақ, «Президент сайлауы», «Кегок» және т.б жарнамалық роликтерге түскен;