Айнұр Асанқызы РАХИПОВА

  • актриса

Жетістіктер

Қазақтың тұңғыш режиссері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған Түркі әлемі театрларының «Театр көктемі – 2017» халықаралық фестивалі «Ең үздік спектакль» – Гран-при жүлдесі, «Үздік әйел бейнесі» (актриса Айнұр Рахипова) (Түркістан, Шымкент, 2017);

  • 2019 ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері;
  • 2020 ж. «Еңбек даңқы» медалінің иегері;


Режиссерлік жұмысы:

Дж.Родари «Чиполлино» /ертегі/ 2017 ж.

Өмірбаян

16 желтоқсан 1984 ж. Алматы облысында дүниеге келді.

2002-2006 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығын профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.

2006-2007 ж.ж. Тазабеков театрында актриса қызметін атқарды.

2007 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.

Театр

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Шпекина (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/ – Гүрбелжін (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ – Катарина (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер - Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/ – Диляфруз (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/ – Ремарка (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов «Жан азабы» /әфсана/ – Бұғы ана (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» /лирикалық драма/ – Нұргүл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» /мюзикл/ – Баян (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/ – Гүл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Милат (Қожаның анасы)  (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Марианна (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/ - Балапан (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар...» /драма/ – Гүлсім (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай...» /комедия/ – Клодина (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

С.Қасымбек «Лифт» /психологиялық драма/ – Әйел (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.П.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ – Сесилия (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Топыш (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Бекжанов «Өмір» /драма/ - Айна  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Теңге (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Е.Уахитов «Құдалар» /комедия/ - Шапағат (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Ханзада» (Нamlet) /трагедия/ - Ханым бике (Гертруда) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ – Құдаша (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

 

 

«Астана- махаббатым менің» фильмінде Баян Есентаеваның Лаура ролін дыбыстаған.