Айбибі Дарханқызы ІСКЕНДІРОВА

  • актриса

Өмірбаян

1999 жылы 27 қыркүйекте Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында дүниеге келді. 2016 жылы «16 жалпы орта білім беретін» мектебін тәмәмдады.

2016-2020 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Драма театры және кино артисі» бойынша Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы, Парасат және Достық ордендерінің иегері Тұңғышбай Жаманқұлов шеберханасын тәмамдады.

2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.

Театр

Қ.Жүнісов «Пранк-Махаббат» /комедия/ - Айым (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Өгей шеше (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);