
Алтынай НҰРБЕК
- актриса
Өмірбаян
9 қыркүйек 1986 ж. Қытай Халық Республикасы, ШҰАР, Манас ауданы, Бауджиядең ауылында дүниеге келді.
2006-2010 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында оқып, «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.
2012-2014 ж.ж. Астана қаласы Қазақ Ұлттық Өнер универсиетінде «Вокал» мамандығы бойынша профессор Қанат Омарбаев шеберханасында магистратура оқып, 2013-2014 ж.ж. аралығында ҚХР Шанхай консерваториясында білімін шыңдап қайтты.
2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.
Театр
Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» /мюзикл/ – Мария (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Милат (Қожаның анасы) (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ә.Фазуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/ – Түлкі (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/ – Бақа (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);
Халық ертегісі «Ұр,тоқпақ!» – Қаз (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Марианна (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Тауыс (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Топыш (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ - Ұрқия (Сарықыздың анасы) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Б.Бекжанов «Өмір» /драма/ - Сана (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Хадиша (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);