
Айсұлтан Дәуренбекұлы ЖӘЛИЕВ
- актер
Өмірбаян
1994 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында дүниеге келген.
2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Эстрада әртісі» (мюзикл) мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.
2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.
Театр
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Базарбай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ – Ересь (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Дәулет (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Тұңғыш Президент – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты);
С.Астраханцев «Достық пен Қулық» /ертегі/ – Аю (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Еділ (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Қытай елшісі (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
О.Бөкей «Ұйқым келмейді...» /музыкалық моноспектакль/ - Кахон (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Құлмамбетов «Жасауыл» /парабола/әфсана/ - Жасөспірім /кіші ханзада/ (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Дж.Родари «Чиполлино» /ертегі/ Мастино (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері);
Ж. Омар «Құлыншақ пен бөлтірік» /ертегі/ - Бөлтірік (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Г.Х.Андерсен «Қар ханшайымы» /ертегі/ - Кай (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);
М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Балпық (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Шома (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);
Ж.Сомжүрек «Көзімнің қарасы» /музыкалық драма/ - Қойбек (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ - Оспақ (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Қ.Жүнісов «Пранк-Махаббат» /комедия/ - Тұрсынбек (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Елші, Қазақ айы (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);
Кино
Дубляжда дыбыстаған кейіпкерлері:
«Аладдина» – Аладдин рөлін дыбыстаушы;