
Азамат Жұмабайұлы ЕСҚҰЛОВ
- актер, әнші
Өмірбаян
1 наурыз 1981 ж. Алматы облысы, Жаркент ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келді.
1998 ж. Қаскелең Мәдениет колледжіне түсіп, «Дирижер және мәдени демалыс қызметін атқарушы» мамандығын тәмадады.
2002-2006 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығын профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.
2006-2007 ж.ж. – Тазабеков театрында актер қызметін атқарды.
2007 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.
Театр
Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Артем Филиппович (Земляника) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ – Баптиста (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер - Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» /лирикалық драма/ – Сағын (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/ – Қаһар (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/ – Ересек (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/ – Ғалым (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Қожа (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар...» /драма/ – Военком (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Халық ертегісі «Ұр тоқпақ» /ертегі/ – Шал (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Король (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/ – Қасқыр (Қоюшы режиссер – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);
Н.Оразалин «Аққұс туралы аңыз» /ертегі/ – Тоқтамыс (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
С.Қасымбек «Лифт» /психологиялық драма/ – Еркек (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Дауашы (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ - Аспантай (Тілептің әкесі) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Маман (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Е.Уахитов «Құдалар» /комедия/ - Әбдісалам (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
У.Шекспир «Ханзада» (Нamlet) /трагедия/ - Бірінші қабірші (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Кино
2008 ж. «Қалжа» фильмі – Оралман бала (режиссері – С.Сраилов);
2009 ж. «Қанталапай» фильмі – Милиция;
2015 ж. «Өмір сабақтары»: «Ақылды әйел» – Серік (прдюсері – Б.Ибрагимов);
«Қазақстан», «7 арна» телеарналарда дубляж актері.