
Балжан Жарқынбекқызы ЗИЯҚҰЛОВА
- актриса
Өмірбаян
23 желтоқсан 1990 жылы ОҚО, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келді.
2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.
2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.
Театр
Т.Миңнуллин «Іздеп таптым сені...» /мелодрама/ – Нұрсина (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Өгей шеше (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
В.Орлов «Алтын балапан» – Түлкі /ертегі/ (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);
Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/ – Кейуана (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Құлмамбетов «Жасауыл» /парабола/әфсана/ - Әйел (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Дж.Родари «Чиполлино» /ертегі/ Асқабақ (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері; );
Ж. Омар «Құлыншақ пен бөлтірік» /ертегі/ - Ана-дала (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Е.Уахитов «Құдалар» /комедия/ - Хадиша (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);