Бекжан Нұрсұлтанұлы КЕРІМБАЕВ

  • актер

Жетістіктер

  • 2017 ж. Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешовтің атынан арнайы «Алғыс хат»;
  • 2019 ж. «Шапағат» медалінің иегері;

Т.Мұхамеджановтың «Жерұйық» рок-операсында Іле батыр ролін сомдаған.

Өмірбаян

21 қараша 1985 ж. Тараз қаласында дүниеге келді.

2003-2006 ж.ж. Тараз мемлекеттік университетінің көп салалы колледжінде «Актер» мамандығын алған.

2006-2010 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын «Театр және кино актері» мамандығы бойынша тәмамдады.

2008 ж. Тараз қаласындағы облыстық Қазақ драма театрында «Қыз Жібек» спектаклінде Төлеген бейнесін сомдады.

2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.

Театр

У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ – Люченцио, Бъонделло (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер - Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Осип (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

П.Мериме Бизе – Щедрин «Кармен» /музыкалы-пластикалық трагедия/ – Хосе (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» /мюзикл/ – Айбас (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» /мюзикл/ – Тони (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/ – Том (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/ – Шұдырғы (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» /комедия/ – Әмір (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Қожа (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Айбол (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Халық ертегісі «Ұр, тоқпақ» /ертегі/ - Шал (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ә.Файзуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/ – Аю (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Орманшы (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Патша (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

С.Қасымбек «Лифт» /психологиялық драма/ – Хатшы (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай...» /комедия/ – Жорж Данден (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Шарыш (ойрат батыры), Қабанбай батыр (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ - Сарбаз (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Құлмамбетов «Жасауыл» /парабола/әфсана/ - Ақ көсем, Қара көсем, Қызыл көсем, Күрең көсем (Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ғ.Мүсірепов «Жібек» /мюзикл/ - Бекежан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Жарас (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ - Тостақ (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Кино

2015 ж. «Өмір сабақтары»: «Бала баққандікі емес» – Дәулет (прдюсері – Б.Ибрагимов);