
Шыңғыс Нұрқанатұлы ЖАҚЫПБАЙ
- актер
Жетістіктер
2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;
2015 ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Өмірбаян
1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.
2009-2012 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжін «Музыкалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Эстрада әртісі» (мюзикл) мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.
2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.
Театр
Колледж сахнасында сомдаған рольдері:
Ү.Ғаджыбеков «Аршын мал Алан» – Сұлтанбек;
Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Бала қарға.
Театрдағы рольдері:
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Сансызбай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ – Князь, Розенберг (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Сабалақ, Әбілмансұр (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
В.Орлов «Мейірімді жүрек» /ертегі/ Қасқыр (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
Дж.Родари «Чиполлино» /ертегі/ Бұршақ (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері );
Б.Бекжанов «Өмір» /драма/ - Өмір (бозбала) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж. Омар «Құлыншақ пен бөлтірік» /ертегі/ - Қасқыр (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Г.Х.Андерсен «Қар ханшайымы» /ертегі/ - Зұлым сиқыршы, Қарақшылар (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);
Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Мартон (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);
Ж.Сомжүрек «Көзімнің қарасы» /музыкалық драма/ - Абай (бозбала) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Сарбаз, Наурыз айы (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);
Кино
«Болашақ» телехикаясы – Арман;
«Жат» фильмінде Батыр даусын дыбыстады;