
Іңкәр Асхатқызы НӘСИЕВА
- актриса
Өмірбаян
22 желтоқсан 1991 жылы БҚО, Орал қаласында дүниеге келді.
2010-2014 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Музыкалық драма» бөлімін профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.
2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.
Театр
Т.Миңнуллин «Іздеп таптым сені...» /мелодрама/ – Нұрсина (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері).
М.Ричардс «Чикаго» – Рокси /мюзикл/ (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ғ.Мүсірепов «Жібек» /мюзикл/ – Жібек (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Золушка (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
В.Орлов «Алтын балапан» /ертегі/ – Бақа (режиссері – Оразәлі Ақжарқын Сәрсенбек);
Ә.Фазуллин «Үй таңдаған лақ» /ертегі/ – Түлкішек (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
Халық ертегісі «Ұр,тоқпақ!» /ертегі/ – Қаз (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» /ертегі/ – Тауыс (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
О.Бөкей «Ұйқым келмейді...» /музыкалық моноспектакль/ - Вокал (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Д.Саламат – «Жаңа жылды кім ертіп келеді?» /ертегі/ Қоян (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Шолпан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Фружи (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);