
Мәдина МАЙ
- актриса
Жетістіктер
- 2019 ж. - Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі атынан «ҚҰРМЕТ» грамотасы;
- 2020 ж. «Еңбек даңқы» медалінің иегері;
- 2006-2007 ж.ж. Қазақ радиосы – диктор
- 2006-2007 ж.ж. «Қымызхана» бағдарламасы – Ерке
- «Болашақ» фильмі
- 2015-2016 ж.ж. 7 арнаның «Күнбастар» бағдарламасының жүргізушісі.
Өмірбаян
24 қыркүйек 1984 ж. Алматы облысы, Жамбыл ауылында дүниеге келді.
2002-2006 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығын профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасында тәмамдады.
2006-2007 ж.ж. Тазабеков театрында актриса қызметін атқарды.
2007 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.
Театр
Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» /мюзикл/ – Баян (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/ – Доғұлан (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Н.Гоголь «Ревизор» /трагифарс/ – Мария Антоновна (режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай);
Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/ – Ай (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/ – Кемпір (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Майқанова (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Т.Миңнуллин «Диляфруздың төрт күйеуі » /комедия/ – Диляфруз, Сәжида (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
С.Қасымбек «Наурыз Ару» /ертегі/ – Наурыз Ару (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);
Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» /комедия/ – Гүлзат (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Н.Коляда «Тасбақа Үміт» /психологиялық драма/ – Бақыт (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ - Қарақатын /Тотанның анасы/ (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Е.Уахитов «Құдалар» /комедия/ - Хадиша (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
У.Шекспир «Ханзада» (Нamlet) /трагедия/ - Әртістер (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ - Сәукеш (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);