Мәдина Ғаниқызы ЖҰМАБАЕВА
- актриса
Жетістіктер
2019 ж. - Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі атынан «ҚҰРМЕТ» грамотасы;
2020 ж. «Еңбек даңқы» медалінің иегері;
Өмірбаян
12 мамыр 1985 жылы Украина республикасы, Сумы қаласында дүниеге келді.
2001-2004 ж.ж. Петропавл өнер колледжін «Драма актері» мамандығы бойынша тәмамдады.
2002-2005 ж.ж. С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды драма театрында актриса;
2007-2008 ж.ж. Астана қаласындағы ҚР Президенттік мәдениет орталығының Дәстүрлі театрында актриса болып қызмет етті;
Солтүстік Қазақстан облыстық телеарнасында, City Z продюсерлік орталығында (Астана қаласы) дубляж актері;
2005-2009 ж.ж. Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «Театр және кино актері» мамандығын Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Ақыш Омардың шеберханасында игеріп шықты.
2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.
Театр
Мериме, Бизе-Щедрин «Кармен» /музыкалы-пластикалық трагедия/ – Кармен (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
У.Шекспир «Асауға тұсау» /комедия/ – Катарина (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссерлер - Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Милат (Қожаның анасы) (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ш.Айтматов, Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан» /әфсана/ – Кейуана (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» /лирикалық драма/ – Нұргүл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
М.Леви «Жер мен көктің арасы» /мелодрама/ - Лореннің анасы (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Б.Мольер «Ақымақ болған басым-ай...» /комедия/ – Сотанвиль ханым (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);
Ю.Алесин «Золушка» /ертегі/ – Өгей шеше ((Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);
Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Лиди (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);
Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ – Дәмелі (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);
С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Өгей шеше (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);