Назерке Серікболқызы СЕРІКБОЛОВА

  • актриса

Жетістіктер

  • 2012 ж. Республикалық эстрадалық вокал конкурсы лауреаты;
  • 2013 ж. Республикалық пәндер олимпиадасы – «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясының иегері;
  • 2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;
  • 2015ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
  • 2017 ж. Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешовтің атынан арнайы «Алғыс хат»;
  • 2018 ж. «Үміт» сыйлығының иегері «Сахнагер – 2018»;
  • 2020 ж. Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлының атынан «Алғыс хат»;

2013-2015 ж.ж. Аспапты-вокалдық топта шығармашылықпен айналысты (Live Band).

Өмірбаян

1993 жылы 12 қыркүйекте ШҚО Зайсан қаласында дүниеге келген.
2003-2008ж.ж. Музыка мектебінде «Қобыз» сыныбы бойынша білім алды.

2009-2012 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы колледжін «Музыкалық театр актрисасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Эстрада әртісі(мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.

2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актрисасы.

Театр

Ғ.Мүсірепов «Жібек» /мюзикл/ – Жібек (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ – Алоизия (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Күлпәш /Қалдан Шерінің кішіәйелі/ (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ - Сары қыз  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

В.Орлов «Мейірімді жүрек» /ертегі/ Түлкі (Қоюшы режиссер – Бейбіт Құсанбаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі);

Дж.Родари «Чиполлино» /ертегі/ Бүлдірген (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері);

Д.Саламат «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» /элегия/ – Гүл (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» /әфсана/ – Ремарка (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ш.Айтматов, О.Бөкей, Р.Мұқанова «Ғасырдан да ұзақ...» /триптих/ - Ләйлә (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Г.Х.Андерсен  «Қар ханшайымы» /ертегі/ - Қар Ханшайымы (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Айман (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Миңнуллин «Іздеп таптым сені...» /мелодрама/ – Қыз (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Т.Ахметжан «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» / мюзикл/ - Қыз (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

У.Шекспир «Ханзада» (Нamlet) /трагедия/ - Опалы (Офелия) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Көзімнің қарасы» /музыкалық драма/ - Күмісай  (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Кино

2015 жылдан бастап Диснейдің халықаралық деңгейдегі мультфильмдерін қазақ тілінде дубляждауға үлкен үлесін қосуда.

 

Дубляжда дыбыстаған кейіпкерлері:

«Золушка» – Дризелла;

«Ақшақар» – Ақшақар;

«Белоснежка и 7 гномов» - Белоснежка;

«Алиса в зазеркалье – Алиса;

«Холодное сердце» - Анна;

«Мона» - Моана;

«Красавица и Чудовище» - Красавица;

«Валериан и город тысяча планет» - Лоурен;

«Человек Паук» - Мджей;

«Рапунцель» - Рапунцель;

«Мұзды өлке» - Анна;