
Нұрбек Кәдіржанұлы ӘДІЛБЕК
- актер
Жетістіктер
2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалінің лауреаты;
2015 ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажагуловтың атынан «Алғыс хат»;
2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы атынан «Алғыс хат»;
Өмірбаян
1992 жылы 3 сәуірде Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра селосында дүниеге келді.
Өскен жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Россовxоз ауылы.
2009-2012 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы АМУ жанындағы көп-салалы колледжде білім алды.
2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.
2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.
Театр
Колледж сахнасында сомдаған рольдері:
Қ.Жүнісов «Ғашықтар хикаясы» – Рүстем;
«Бақыт құсы» – Тильтиль;
«Севильдік шаштаразшы» – Фигаро.
Театрдағы рольдері:
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ – Төлеген (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ – Сальери (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Қырғыз елшісі (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Д.Саламат – «Жаңа жылды кім ертіп келеді?» /ертегі/ Маймыл (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Ж.Құлмамбетов «Жасауыл» /парабола/әфсана/ - Жауынгер (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Дж.Родари «Чиполлино» /ертегі/ Граф Лимон (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері);
Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/ – Жантас (Қоюшы режиссерлер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер – Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Ж. Омар «Құлыншақ пен бөлтірік» /ертегі/ - Қасқыр(Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);
Г.Х.Андерсен «Қар ханшайымы» /ертегі/ - Мейрімді сиқыршы, Патша, Карл (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);
М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Жантық (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Паскаль тышқан (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);
Ж.Сомжүрек «Көзімнің қарасы» /музыкалық драма/ - Балғын (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
Қ.Жүнісов «Пранк-Махаббат» /комедия/ - Ермек (Қоюшы режиссер – Дәурен Серғазин,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);
С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Сәуір айы (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);
Кино
«Қара шаңырақ» телехикаясы – журналист;