Нұрбек Нұрлыбекұлы АЛИБЕК

  • актер

Жетістіктер

2007 ж. Халықаралық К.Әзірбаев атындағы жыршы-термешілер байқауы – ІІІ орын;

2008 ж. Республикалық М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» ән байқауы – І орын;

2009 ж. «Халықаралық Балалар даму академиясы» байқауы – І орын;

Халықаралық үздік оқушылар слеті – ІІІ орын (Көкшетау қаласы);

2014 ж. Оңтүстік Корея «DIMF -2014» мюзикл фестивалі «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» ;

2015 ж. Оңтүстік Корея «KIFT -2015» театр фестивалінің арнайы шақыртылған қонағы (Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» мюзиклі, қоюшы режиссері – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

2017 ж. Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажагуловтың атынан арнайы «Алғыс хат»;

2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Жаңбыршыұлы Нұркеновтың атынан «Алғыс хат»;

2020 ж. БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі м.а. Якуп Бериш мырзаның атынан «Алғыс хат»;

Өмірбаян

1994 жылы 23 қаңтарда Алматы облысы Панфилов ауданына қарасты Надек ауылында дүниеге келді.

2006 - 2011 ж.ж. Талдықорған қалалық дарынды балаларға арналған Өнер мектебін «Дәстүрлі ән – терме» сыныбы бойынша тәмамдады.

2012-2016 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор Нұрқанат Жақыпбай шеберханасын тәмамдады.

2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының актері.

Театр

Алматы облыстық Б.Римова атындағы драма театрындағы рөлі:

«Жамбыл» спектаклі – бозбала Жамбыл.

 

Театрдағы рольдері:

Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» /мюзикл/ - Шеге (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Пило, О.Шультез «Моцарт» /мюзикл/ – Фридолин Вейбер (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ә.Кекілбаев «Нартәуекел» /халықтық қаһармандық драмалық дастан/ – Ресей елшісі (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Тілеп–Сарықыз» /трагедия/ - Тортай (Тілептің досы) (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Саламат – «Жаңа жылды кім ертіп келеді?» /ертегі/ Әтеш (Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Ж.Құлмамбетов «Жасауыл» /парабола/әфсана/ - Ер адам (Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

Дж.Родари «Чиполлино» /ертегі/ Қызанақ (Қоюшы режиссер – Айнұр Рахипова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Президент стипендиясының иегері);

Ж. Омар «Құлыншақ пен бөлтірік» /ертегі/ - Қасқыр(Қоюшы режиссер – Бекболат ҚұрманғожаевҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері);

М.Әуезов, Қ.Мұхамеджанов «Айман-Шолпан» /музыкалық комедия/ - Жарас (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Д.Урбан «Ірімшік құмар тышқандар» /ертегі/ - Альбин (Қоюшы режиссер – Нұрфат Вахитов, Қазақ мәдениетінің қайраткері);

Ж.Сомжүрек «Көзімнің қарасы» /музыкалық драма/ - Әділбек (Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері);

Б.Әлімжанов «Қарыз бен Қаспақ» /комедия/ – Оспақ (Қоюшы режиссер – Бекболат Құрманғожаев, Қазақстан Распубликасының еңбек сіңірген қайраткері);

С.Маршак «Жыл он екі ай» /ертегі/ - Ақпан айы (Қоюшы режиссер – Айгүл Баядилова, Өнер магистрі);

Кино

2013-2014 ж.ж. «Сырғалым» телехикаясы – даяршы;

2013 ж. «Әр үйдің сыры басқа» телехикая- Мәди

2014 ж. «17+» фильмі – Арман;

2014 ж. «Қыздар» телехикаясы – Әділ;

2015ж. «Әйел қырық шырақты»- Дәрігер